Музейде «Тәуелсіздігімнің тірегі - Ата Заң» атты мерекелік сабақ өткізілді

Мерекені ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция республиканың жоғары құндылықтары ретінде адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы қамтылған демократиялық құқықтық мемлекет ретінде дамуына жол ашты. Елдің негізгі Ата Заңы - егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік дамуының іргетасына айналған тарихи маңызды ерекше құжат.
Шараға қатысқан Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназияның бірінші сынып оқушылары елдің Ата Заңында көрініс тапқан өз құқықтары мен бостандықтарын, оны жасаудағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлін танып білді. Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған бейнематериалдар мен фотоқұжаттар қолданылды.
Сонымен қатар Музейде өткен сабақтан естелік ретінде мектеп табалдырығын алғаш аттаушыларға арнап, ұйымдастырушылар сыйлықтар әзірледі.