«Музейдегі түн-2016» акциясы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде 18 мамыр күні Халықаралық музей күніне орай «Музейдегі түн-2016» акциясы өтеді. Бұл туралы Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметінен хабарлады.
Акция барысында Ұлттық музей қонақтары үшін көне және қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетін таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда "Музейдегі түн" акциясын өткізу әлемнің 40-тан астам елінде дәстүрге айналған. Қазақстандағы бірқатар музейлер де бұл атаулы датаны үлкен дайындықпен қарсы алады. Ұлттық музей аталмыш іс-шараны осымен екінші рет өткізгелі отыр. Өткен жылы дәл осы акцияға 23 мыңнан астам адам қатысқан болатын.