Музейге жәдігерлер беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 ақпанда Ұлттық музейде жәдігерлерді қабылдау шарасы өтеді, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Музейге жәдігерлер беріледі

«Ұлттық музейге сый тарту» акциясының жалғасы ретінде өтетін шарада қабылданатын жәдігерлердің қатарында Әбіш Кекілбаев, Роза Бағланова, Зейнулла Алшынбаев, Мәдина Ералиева, Александр Винокуров қатарлы тұлғалардың және тағы да басқа танымал адамдардың жеке өмірі қатысты тұтынған заттары бар.

Сонымен қатар, Тілеужан Батанов, Сембіғали Смағұлов, Ерлан Сахипұлы секілді суретші, мүсіншілерөз туындыларын музейге сый ретінде табыстамақ.

Еске сала кетсек, «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылы наурыз айында басталған. Акция осы уақытқа дейін Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1300-дей құнды жәдігер Ұлттық музей залдарынан орын алған болатын. Акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.