Музыка күйзелістен құтқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белфаст Королева университетінің мамандары музыканың балалар мен жасөспірімдердің күйзелісті жеңуі үшін жақсы әсер ететінін анықтады. Сонымен бірге, музыкалық терапия көңіл күйі мен тәртібінде проблемалары бар балалардың өзін-өзі бағалауын жақсартып, сөйлеу және интерактивті дағдыларын дамыта алады. Бұл туралы Day.Az хабарлады.

Музыка күйзелістен құтқарады

Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, оған 250 бала мен жасөспірім қатысқан. Қатысушыларды екі топқа бөлген. Біреулерін дәстүрлі әдістермен емдесе, басқаларына медициналық препараттардан бөлек музыкалық терапияны қолдануды ұсынған.

Нәтижесінде күн сайын музыкалық терапиядан ем қабылдап отырған топтағы балалар дұрыстала бастаған, коммуникативтік және интерактивті дағдыларын көрсетіп, күйзелістен арылған.

Ғалымдар мұны айтарлықтай маңызды жаңалық деп отыр. Музыкалық терапияның тиімділігі бірінші рет клиникалық түрде дәлелденді.