Музыкалық аспапта ойнаудың пайдасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Музыкалық аспапта ойнаудың пайдасы бар ма? Ғалымдардың пікірінше, музыкалық аспапта ойнау инсульттан кейін адам ағзасынының оңалуына оң әсерін тигізеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Музыкалық аспапта ойнаудың пайдасы

Лондон Университетінің мамандары екі емделушіні ксилофонда ойнауды үйреткен. Төрт сабақ өткен соң-ақ емделушілердің жағдайы жақсара бастағаны байқалды. Енді мамандар бұндай зерттеуді көп адамдардың арасында қайталап өткізіп көрмекші.