Музыканттар Гауһар Мырзабекова мен Әмір Тебенихин Нью-Йоркте концерт қойды

азанның 9-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Қазақстанның  халық әртісі Гауһар   Мырзабекова мен   халықаралық  конкурстардың жеңімпазы  пианист Әмір Тебенихин    Нью-Йорктегі  «Таймс-орталықта»    концерт берді.

Музыканттар Гауһар  Мырзабекова мен  Әмір Тебенихин     Нью-Йоркте   концерт   қойды

Тамаша  жұп    тыңдармандарға И.Бах,  Р.Шуман, С.Франк, Д.Россини  сынды композиторлардың   туындыларынан тұратын  классикалық  музыка   бағдарламасын       ұсынды.    Музыканттар американдық  көрермендер үшін        қазақстандық    композитор  Ахмет Жұбановтың   «Ариясын»  да   орындады.

Қазанның  6-да Гауһар  Мырзабекова мен  Әмір Тебенихин   Вашингтондағы  «Кеннеди-орталықта»  өнер  көрсетті. Нью-Йоркте  әртістердің    концертіне      БҰҰ жанында  тіркелген   дипломатиялық  миссиялардың басшылары, АҚШ-тың  қоғамдық-саяси және  істер топтарының өкілдері   және қазақ диаспорасы  қол соқты.    Американдық музыка  сыншылары      қазақстандық музыканттардың  техникалық шеберліктеріне     жоғары баға берді.