Мықты көшбасшы Қазақстанның экономикалық дамуын алдын ала анықтайды - әзербайжандық парламентшілер

БАКУ. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі Қазақстан басшысының халық арасындағы беделі мен оған деген сенім деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.

Мықты көшбасшы Қазақстанның экономикалық дамуын алдын ала анықтайды - әзербайжандық парламентшілер

Бұл туралы Әзербайжан Милли Меджлисінің (Парламенті) мәдениет бойынша комитетінің төрағасы, депутат Низами Джафаров айтты.

«Қазақстан біз үшін жақын ел деп атап өткім келеді. Ал Нұрсұлтан Назарбаевты Әзербайжанда да құрметтейді. Ол шынымен ұлттың нағыз лидері. Ол бүкіл түрік әлемінің лидері. Мұны біздің мемлекеттеріміздің басшылары мен халқы да мойындайды», - деді Н.Джафаров. «Біздің ұлттық лидеріміз Гейдар Алиев Нұрсұлтан Әбішұлымен достық қарым-қатынаста болған, ал президент Ильхам Алиев Қазақстан басшысын құрметтеп, екі ел арасындағы саяси байланысты нығайту жолында жұмыс жасап жатыр. Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасады. Елдің дамуы Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты», - деп атап өтті әзербайжандық парламентші. Сонымен қатар депутат Н.Джафаров түрік елдері Қазақстан мен оның басшысынан көп нәрсені үйренетінін айтты. «Соғыс, ұлтаралық қақтығыс, экономикалық дағдарыс болып жатқан елдерге қараңыздар. Бұл мықты лидердің болмауының салдары. Қазақстанда мұндай лидер бар. Сондықтан ол елдің экономикалық даму жолын алдын ала анықтап, ел азаматтарының жағдайын жақсартып жатыр», - деп түйді Н.Джафаров.