Мықты жем-шөп базасын құрмайынша, мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес - А. Күрішбаев

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл мал азығын қажетті көлемде дайындау аса маңызды. Өйткені біз алдымызға мал шаруашылығын жылдам дамыту жөнінде ауқымды жоспарлар қойып отырмыз.

Мықты жем-шөп базасын құрмайынша, мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес - А. Күрішбаев

Бұл пікірді бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде министр Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А. Күрішбаев қазіргі таңда мықты жем-шөп базасын құрмайынша, мал шаруашылығын дамыту мүмкін еместігін атап көрсетті. «Ағымдағы жылдың ауа-райы жағдайы біздің еліміздің барлық өңірлерінде іс жүзінде кем дегенде бір жарым жылға жететін, ал бірқатар облыстарда екі жылдық жем-шөп қорын дайындауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан қазіргі сәтте қолайлы ауа-райын және егістің жақсы түсімін пайдаланып, жем-шөптің қажетті көлемін дайындап алу қажет», деді ол.