Мыңға тарта қытайлық Вьетнам шекарасына жақын маңда полицияға шабуыл жасады

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мыңға жуық қытайлық Вьетнам шекарасына жақын жатқан Дунсин қаласында полициямен болған қақтығысқа қатысты,
None
None

деп хабарлайды France-Presse агенттігі.

 Құқық қорғаушылардың айтуынша, қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны жүз адамнан асты. Жаппай тәртіпсіздік жергілікті полицияның болжалды контрабандашыға қатыгездік көрсеткеннен кейін халықтың наразылығынан туындаған. Тәртіпсіздікке қатысқан адамдардың саны жөнінде түрлі деректер бар. Биліктің мәліметтерінше, шамамен мыңға тарта адам наразылық акциясына қатысуда, оның аз бөлігі ғана тәртіпсіздіктерге бой алдырған. Гонконгта орналасқан адам құқықтарын қорау және демократия орталығы хабарлағанындай, бүлікшілердің саны мыңға жуықтайды, полиция мен кеден қызметінің 20-дан астам көлігі өртелген.

Толқу жұма күні, 7 желтоқсанда Дунсин көшелерінің бірінде полиция көлігі болжалды контрабандашының мотоцикліне соқтығысып, кейін оны ұстап алып кетпек болғаннан соң басталды. Жергілікті халыққа полицияның әрекеттері  ұнамаған болса керек. Қала префектурасының хабарлауынша, тәртіпсіздіктер кезінде тек 5 полицей жарақат алып, 9 көлік жанып кеткен.

Дунсин Қытайдың оңтүстігінде Вьетнам шекарасы маңында орналасқан. Қалалардағы тәртіпсіздіктер ҚХР-да жиілеп кетті. 2010 жылы зерттеушілер бұл елде 180 мыңға тарта бүлік пен тәртіпсіздіктер, наразылық акциялары болғанын анықтаған.

Соңғы жаңалықтар