Мыңға жуық қазақстандық туристер түрік қонақүйлерінен шығарылуы мүмкін - Т. Дүйсенғалиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мыңға жуық қазақстандық туристер Tengri Travelsystem туроператорының қызметін тоқтатуына байланысты Түркиядағы орналасқан қонақүйлерінен шығарылуы мүмкін.
None
None

Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустрия және туризм департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, бүгін түнде қазақстандық ірі туроператор Tengri Travelsystem өз қызметін тоқтатты. Компанияның жетекшісі Еуропаға кетіп қалды. Біздің мәліметтеріміз бойынша, аталған туроператор Түркиядағы серіктестеріне келісілген қаражатты толық төлемегені үшін сол елде демалып жатқан біздің 600-ден 1000-ға жуық отандастарымыз тұрып жатқан қонақ үйлерінен шығырылуы мүмкін. Бұл өте қиын жағдай. Мұндай жағдай болады деп ешкім ойламаған, өйткені компания «Air Astana»-мен келісімге отырып, онда депозиттер салған болатын. Компания бүкіл Қазақстан бойынша ондаған турагенттіктермен келісімге отырған. Қазіргі уақытта министрлікте арнайы штаб құрылды. жуық арадаға жағдайға байланысты барлық мәліметтерді жариялаймыз", - деді ол.

Т.Дүйсенғалиевтің айтуынша, Анталиядағы Қазақстанның консулдығы жағдаймен толық ақпараттандырылған. Қазір министрлік Қазақстанның барлық өңірлеріндегі турагенттіктерден мәліметтер жинап, Түркияда аталған компанияның қызметі арқылы демалып жатқан азаматтардың нақты саны қанша екенін анықтауда. Сонымен қатар, мұндай жағдайдың алдын алу жұмыстары да атқарылып жатыр.

Айта кетейік, жуырда TengriTravelsystem туристік фирмасы өз сайтында жұмысын тоқтататыны туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар