Мыңнан астам жамбылдықтар Қазақстанның әнұранын орындады

  ТАРАЗ. ҚазАқпарат  - Жамбыл облысында ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті, деп хабарлады  ҚазАқпарат  тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қазақстан Республикасы мемлекеттік символдарының қабылданғандығына  25 жыл толуы өңірде көптеген патриоттық шаралармен кеңінен атап өтілді.

Тараз қаласының орталық «Достық» алаңында  «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Гимнім!» патриоттық акциясы өтті.

Жамбыл облысының әкімі  Кәрім Көкірекбаев, ардагерлер және жастар, ҮЕҰ өкілдері салтанатты шараның қатысушылары болды.

Өңір басшысы жамбылдықтарды осы айтулы датамен құттықтады. «Мемлекеттік символдар -кез келген елдің маңызды атрибуттары. Бұлар арқылы тарихты, мәдениетті, дінді, тілді, мемлекеттің дәстүрін білуге болады. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық гимн халықаралық жарыстарда бірнеше рет орындалды»,-деп атап өтті ол.

Мемлекеттік рәміздермен қаланың орталық көшелерімен мыңнан аста жамбылдықтар Тұңғыш Президент саябағына дейін жүріп өтті.

Ал Тұңғыш Президент саябағында акцияның барлық қатысушылары Қазақстан Респубрикасының Әнұранын бірлесе шырқады.  

Мемлекеттік рәміздер күнін тойлау Таразда үлкен концертке  ұласты. 

2 3 5 6 7 8 

Соңғы жаңалықтар