Мырзалин «Арқа ажары» газетінің ұжымына су жаңа көліктің кілтін тапсырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда халқымыздың ұлы ақыны әрі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сəкен Сейфуллин негізін қалаған Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 100 жылдығына орай «Тіршіліктің үзілмейтін ғұмыры «Арқа ажары»-100» атты салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау» мəдениет сарайында ұйымдастырылған шараға Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин, республиканың әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері, танымал қаламгерлер мен журналистер және газет оқырмандары қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы алдымен газет ұжымына мерейтойлық тілегін жолдаған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың құттықтау хатын оқып берді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы өз сөзінде газеттің ғасырлық тарихы бар, Сəкен Сейфуллин негізін қалаған республикадағы байырғы басылымдардың бірі екенін еске салды. Газет ұжымы өңірдегі қалыптасып отырған тұрақтылық пен келісімді нығайтуға үлес қоса отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барысын кеңінен насихаттауда.

«...Бір ғасырлық тарихы бар бұл газет Қазақстандағы байырғы басылымдардың бірі болып саналады. Өз бастау тарихын халқымыздың ұлы ақыны әрі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің негізін қалауымен 1917 жылы Ақмолада шығарыла бастаған «Тіршілік» атты газеттен алатын бүгінгі «Арқа ажары» үлкен де абыройлы жолдан өтті.
null

...Бүгінгі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған ұлттық сана, бәсекелік қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы мен сананың ашықтығы сияқты өзге де өзекті мәселелерді маңыздылығын ашып жазып, түсіндіруде және үш тілді, әлемдік озық технологияны жетік меңгерген жаңа тұрпаттағы ұрпақ тәрбиелеуде баспасөз саласының қызметкерлеріне аса жауапты міндеттер жүктеліп отыр...», дей келе облысы әкімі Мәлік Мырзалин редакция ұжымына жаңа көліктің кілтін тапсырды.
null

Сондай-ақ, шарада «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Қаменов, Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Алаш» сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымның депутаты, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайыл, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, профессор Амангелді Смайылов, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Арындар басылымды құттықтады.
null

Мерейтой аясында арнайы мерекелік газет пен «Тіршіліктің ғасыры» кітабы шығарылды. Сондай-ақ, газеттің музейі ашылып, бұрынғы редакторларының портреттері жасалынды.
Жабал Ерғалиев басшылық ететін газет осы күні 8 мың таралыммен аптасына үш рет шығып келеді. 
null

Еске сала кетейік, осы күні «Арқа ажары» газеті редакциясы ғимаратының сыртына осы газеттің негізін қалаған қазақтың атақты ақыны, мемлекеттік қайраткері Сəкен Сейфуллиннің құрметіне мемориалдық тақта ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар