Мысық математик интернет-қолданушыларды таңғалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургтегі мысықтар дәмханасының тұрғыны математикалық есептерді жаңғақтай шағады. Ерекше мысықтың есімі Мару, оның жасы үш жарымда.
«Мысықтар республикасы» дәмханасындағылардың айтуынша, жануар 9-дың квадрат түбірін таба алады, деп жазады rosbalt.ru.
«Маруға есепті үйреткен қызметкерлеріміздің бірі. Оған есепті шығаруға бірер секунд қана керек», - дейді мекеме қызметкері.
Мысық жауапты қоңырау түймесін басу арқылы береді.
Мару 2014 жылы Эрмитаж ауласында көлік астына түсіп қалғаннан кейін «Мысықтар республикасына» жеткізілді.