Мысық өлтіргені үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның тұрғыны мысық өлтіргені үшін түрмеге отырғызылды.

Мысық өлтіргені үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты

30 жастағы Энтони Дилэйни алкогольдік ішімдіктің әсері салдарынан көлігінің астына түскен мысықты ұрып өлтірді. Бұл оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Сот британиялықты 18 аптаға түрмеге қамау туралы шешім шығарды. Сонымен бірге оған бес жыл бойы үй жануарын ұстауға тыйым салынды, деп хабарлады РСН.