Мысықты азаптап, 1 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марсель қаласының тұрғыны мысықты қинағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Француз БАҚ мәліметінше, 24 жастағы ер адам мысықты еденге құлатқаны, қабырғаға лақтырғаны түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желіге орнатқан. Бұл бейнеролик интернет пайдаланушылар арасында наразылық тудырып, қинаған азаматтың кім екені шұғыл анықталды.
Айыпталушының сөзіне қарағанда, достарымен көшеде жүрген де ол осы мысықты ұстап алып азаптай бастаған. Ал досы бұл әрекетін ұялы телефон камерасына түсірген. «Неге мұндай әрекетке барғанымды білмеймін. Болашақта мұндай іс қайталанбайды деп уәде беремін», - дейді ер азамат.
Жапа шеккен 5 айлық мысықтың марғауы қоқыс контейнерінен табылған. Оны қинаған кезде мысықтың аяғы сынып, өзге де жарақат алған. Ота жасалғаннан кейін оның жағдайы жақсарыпты. Жақын арада үйіне қайтарылуы мүмкін, деп хабарлады Росбалт.