Мысықтың пырылы сынған сүйекті бітіріп, нашақорлыққа тәуелділіктен сейілтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка ғалымдары көп зерттеуден кейін әрбір үйде мысық болуы тиіс деген қорытындыға келген, деп жазады ihsan.kz.
Мысықтың пырылы жануарға тән жай ғана дыбыс дерсіз, бірақ оның түрлі дертке ем екенін біреу білсе, біреу білмес. Әсте, бұл пырыл мынадай ауруларға шипа көрінеді:
- Сынған сүйектердің бітіп кетуіне көмектеседі және сүйекті қатайта түседі.
- Адамның жүйке жүйесі мен психикасын қалып келтіреді
- Сондай-ақ мысықтың пырылдаған дыбысы мидың және жүрек қанайналымын жақсартып, иммунитетті көтереді.
- Гастрит, асқазандағы тасты жойып, остеохандроз, тұмау ұйқысыздық ауруларынан емдейді
- Ішімдік пен нашақорлыққа деген тәуелідікті сейілтеді
- Мысықтың тырнақтары ине терапеясынынң орнына жүретін көрінеді.
Ал ислам тарихында мысықтардың пырылдағаны Аллаға зікір айтуы деген түсінік бар. Біз қатарымен ұшқан құстар, тұрған тау-тастар қалай болғаны біздерге беймәлім зікірмен Хаққа құлшылық ететінін білеміз. Өсімдіктердің ғибадаты қиям (тік тұру) халінде, жансыз деп саналғандар да жерге жабысқан түрде яғни, сәжде күйінде Хақ Тағалаға мадақтар айтатыны белгілі.
Алланың үйі - мешітке кіруге рұқсат етілген жалғыз жануар ол - мысық. Осыдан ақ бұл үй жануарының исламдағы орнын біле беруге болады. Әлемге нұрын төккен, адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз да мысықты ерекше жақсы көрген. Алла елшісінің Му'изза есімді аппақ мысығы болған деседі. Екі дүние сардарының оны жақсы көргені соншалық, орнынан тұрарда шапанының етегінде ұйықтап қалған мысықты оятып алмау үшін киімін қиып тастаған деген қисса бар.