Мысыр 160 млрд долларға 30-дан астам инвестициялық келісім жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр ел экономикасына 158 млрд АҚШ долларын тарта отырып, шетел компанияларымен 31 инвестициялық келісім жасады.

Мысыр 160 млрд долларға 30-дан астам инвестициялық келісім жасады

Шарм-эш-Шейхте өтіп жатқан үшкүндік халықаралық экономикалық конференцияның екінші күнінің жұмыс нәтижесі осындай болды.

Өзге мемлекеттермен қол қойылған құжаттардың ең ірісі және барынша маңыздысы, Каирден 45 шақырым жердегі Мысырдың жаңа әкімшілік астанасы - екінші Дубайды салу бойынша БАӘ-мен арадағы 45-миллиардтық келісімшарт болды.