Мысыр әскері сайлауға өз кандидатын ұсынбайды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Мысыр әскери күштерінің Жоғарғы кеңесі алдағы президентік сайлауға өз кандидатын ұсынбайтынын жариялады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Мысыр президенті Хосни Мүбәрактың 11 ақпандағы отставкасынан кейін елдегі билік әскерилердің қолына көшті. Конституция қызметі тоқтатылып, Парламент таратылып, Ахмед Шафик үкіметі атқарушы билік міндетін орындауда. Әскери күштердің Жоғарғы кеңесі басшысы болып саналатын қорғаныс министрі Хусейн Тантауи елдің мүддесіне ішкі істерде және халықаралық аренада өкілдік етіп жүр.
Мүбәрак кетісімен әскер билікті басып алмай, сайлаудан кейін елді басқаруды азаматтық билікке тапсыратынын айтты.