Мысыр астанасында тәртiпсiздiктерге байланысты коменданттық сағат енгiзiлді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Каир аудандарының бірінде коптардың шеруінен кейiн жексенбі күні кешке басталған тәртiпсiздiктерге байланысты коменданттық сағат енгiзiлді.

Мысыр астанасында тәртiпсiздiктерге байланысты коменданттық сағат енгiзiлді

«Әл-Арабия» телеарнасына сілтеме жасап Лента.ру хабарлағандай, ерекше тәртiп жергiлiктi уақыт бойынша сағ.2:00-ден 7:00-ге дейiн жұмыс iстейдi және атап айтқанда, телеорталық орналасқан Нил жағалауындағы Масперо ауданында қолданылады. Әскерилермен қақтығысқа ұласқан шеру сол жерде басталған болатын.

Соңғы деректерге қарағанда, әскерилердің шерушілермен қақтығысы салдарынан 23 адам қаза тауып, кем дегенде 174 адам зардап шеккен. Мұндай ақпаратты мемлекеттік телеарна эфирінде Мысыр үкіметінің өкілі таратты, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Еске сала кетейік, жексенбінің кешіне коптар Эдфу қаласындағы шіркеудің қиратылуына қарсы наразылық акциясын өткізбек болатын. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, шеру бейбіт түрде өтуі тиіс еді, дегенмен шерушілерге белгісіз біреулер шабуылдап, оған әскер араласты.

Шеруге барлығы 10 мың адамға дейін қатысты.