16:50, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Мысыр астанасында заң бұзды деп айыпталған 4 қазақстандық азаматтың 3-уі босатылды ? Е.Ашықбаев
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мысыр астанасында шетелдіктердің елде болу тәртібіне жүргізілген тексерулер барысында Қазақстанның 4 азаматының заң бұзғандығы анықталды. Қазір осы азаматтардың 3-уі босатылып, қалған біреуіне қатысты тиісті келіссөздер жүргізілуде.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, аталмыш азаматтардың ұсталуының басты себебі - негізінен олардың елде болу визалары мерзімінің аяқталуына байланысты болып отыр. «Ұсталғандардың барлығы да сол елдің оқу орындарында білім алып жүрген студенттер. Бүгінде Мысыр елінде жүзден астам Қазақстан азаматтары білім алуда», деді ресми өкіл.