Мысыр билігі түрік елшісінің елден кетуін талап етті

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Мысыр билігі түрік елшісінің елден кетуін талап етіп отыр.

Мысыр билігі түрік елшісінің елден кетуін талап етті

Каир Анкараны қоғамның алдында Мысырды теріс жағынан көрсетуге тырысқаны үшін және елдегі жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтқан ұйымдарды қолдағаны үшін айыптауда, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-тар.

Мысырлық сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі бұл қандай ұйымдар екенін нақтыламады. Алайда Reuters агенттігінің пікірінше, әңгіме «Мұсылман бауырлар» жөнінде болып отыр.

Түркия тақтан кеткен Мүрсидің басты жақтаушылары болып саналады. Анкара Мүрсидің бостандыққа шығуын талап етуде.