Мысыр елі Суэц каналындай тағы бір су арнасын салмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр билігі Суэц каналына балама болатын арна салмақ. Ол туралы бүгін Исмайыл қаласындағы Суэц арнасы басқарма басшысы Мухаб Мамиш мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Оның айтуынша, жаңа арна бұрынғы каналға қатарластырып салынады, оның ұзындығы 72 шақырым болмақ.
«Жоба Мысырды әлемдегі ірі өнеркәсіп және экономика орталығына айналдырады деп жоспарланып отыр», - дейді М.Мамиш.
Айта кейік, Суэц каналы арқылы әлемдегі теңіз тасымалының 10 пайыз өтеді. Ұзындығы 190 шақырым болатын канал - Египет бюджетінің негізгі қаржы көзі.