Мысыр: Эр-Риядқа берілген аралдарға экскурсия тоқтатылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдағы Оңтүстік Синай провинциясының ұлттық табиғи қорықтарының секторы Шарм-эш-Шейх ауданында жұмыс істейтін туристік және экскурсиялық компанияларды Сауд Арабиясына аралдарды беру туралы Мысырдың ресми жарлығы шыққаннан кейін Тиран мен Санафир аралдарына су астымен жүріп баратын экскурсияны тоқтатуы ықтимал екенімен хабардар етті, деп мәлімдеді бейсенбіде "Аль-Масриюн" жаңалықтар порталы, деп хабарлады РИА Новости.

Мысыр: Эр-Риядқа берілген аралдарға экскурсия тоқтатылуы мүмкін

Компанияға Тиран мен Санафир аудандарына өтуге бұрын берілген барлық рұқсат лицензияларының күші жойылатыны ескертілді.

Сонымен қатар, осындай экскурсиялық-туристік компаниялардың бірінің иесі Ахмед-аш-Шейхтің айтуынша, экскурсия ұйымдастырушылары туристерді шетелдік аралдарға жеткізу мүмкін еместігін түсінеді. Аш-Шейх сауд билігі бұған рұқсат беру мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Келесі нұсқа - осы аралдарға жақын жерден мысыр аумақтық суларынан басқа орын табу қажет», - деп атап өтті ол.