Мысыр Газа секторымен арадағы шекараны үш күнге ашады

АСТАНА.  Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат -   Мысыр  Равах  бақылау-өткізу бекетінде Газа секторымен  арадағы шекараны үш  күнге ашады.    Ел өкіметі өкілдерінің   хабарлауынша, 

Мысыр Газа секторымен  арадағы шекараны  үш күнге ашады

шекара   Мысырда  және басқа елдерде тұратын    оқушыларға,   сондай-ақ     шетелдерде ем-дом қабылдап жатқан     науқас палестиналықтарға  ашылады,  деп хабарлайды Би-Би-Си телекомпаниясы.

Естеріңізге сала  кетейік, Мысыр мен Израиль  Газа секторымен  арадағы шекараны     осыдан 2  жыл бұрын,   «Хамас» радикалды   исламдық қозғалысы   осы аумақтағы билікке келгеннен кейін     жапқан болатын.  Дегенмен,   шекара арқылы    азық-түлік  және  гуманитарлық көмек   жеткізуге  рұқсат етілген.    Мысыр    анда-санда   қысқа  мерзімге  өз жағынан шекараны ашып отырады.

Соңғы рет Мысыр  билігі  Газа секторымен арадағы шекараны   халықаралық ұйымдардың   өтініші  бойынша   2009 жылы     маусымның   27-інде үш күнге  ашқан болатын. Бірнеше күнде   Газа секторының тұрғындары, 5 мыңдай  палестиналық  Мысырмен шекарадан өткен    болатын.  Осы мүмкіндікті   алу  үшін палестиналықтар     аумаққа  үш күнде   қайта оралуға   уәде беріп,  құжатқа  қол қойды.

Шекарадан  өткендердің  ішінде  медициналық  көмек  алғысы келгендер  мен  басқа елдің азаматтығы бар палестиналықтар  болды.