Мысыр ІІМ басшысы өзіне жасалған қастандықты лаңкестік әрекеттердің жаңа толқынының басталуы деп бағалады

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мысыр Ішкі істер министрі Мохаммед Ибрагим өзінің кортежі жанында миналанған көлік жарылысынан кейін бұл қастандықты лаңкестік әрекеттердің жаңа толқынының басталуы деп бағалады.

Мысыр ІІМ басшысы өзіне жасалған қастандықты лаңкестік әрекеттердің жаңа толқынының басталуы деп бағалады

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, оның мұндай мәлімдемесі жарылыс орын алғаннан кейін бірнеше сағаттан соң Мысыр телеарналарында көрсетілген.

«Орын алған оқиға - бұл соңы емес, тек лаңкестік әрекеттердің басы ғана. Бұл 70-80-ші жылдардағы лаңкестік заманына оралу», - деді ол.