Мысыр өкіметі қажылық сапарларына жолдама сатуға тыйым салды

АСТАНА. Тамыздың  13-і.  ҚазАқпарат -   Мысыр   өкіметі  H1N1 тұмауы   эпидемиясына байланысты  қажылық сапарларына    жолдама сатуға тыйым  салды.   Сондай-ақ,   жолдаманы ертерек  сатып  алып қойған    мінәжат етушілердің  елден  шығуына  қойылатын   шарттар күшейтіліп  отыр,     деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.

Мысыр    өкіметі   қажылық сапарларына  жолдама сатуға   тыйым салды

Атап айтқанда,     қажылыққа аттанушылардың  ең  кіші жасы,  бұрын   белгіленгендей 12 жас  емес, 25 жас болуы,  ал ең үлкен  жасы  - 65-тен  аспауы керек.

Сауд  Арабстанына  аттанушы әрбір  адамның,  оның    ауыр  немесе созылмалы  аурулармен  ауырмайтынын  растайтын    денсаулық  сертификаты  болуы  керек. Сондай-ақ,    жүкті  әйелдердің  сыртқа шығуларына  тыйым  салынып  отыр.  Мысырда қауіпті вирустан бір әйел көз жұмса, Саудияда     9 адам  қайтыс болған.