Мысыр Президентін отставкаға жіберу үшін қарсыластары 22 млн. адамнан қол жинады

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Мысыр Президенті Мұхаммед Мурсиді отставкаға жіберу жөніндегі петицияға 22 млн. адам қол қойды. Бұл туралы М.Мурсиді отставкаға жіберуді көздеп отырған «Тамарруд» қозғалысының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.
None
None

Президентке қарсы қозғалыстың жетекшісі баспасөз мәслихатында 22 млн. 134 мың адам қол қойғаны жөнінде хабарлады. Бұл көрсеткіш М.Мурсидің бір жыл бұрынғы президент сайлауында жинаған даусынан әлдеқайда асып түседі. Енді белсенділер тобы петицияны мемлекеттік жоғары сот инстанцияларына жолдамақшы. Президентті жақтаушылар да М.Мурсиге қолдау көрсетіп, қол жинауда. Олардың мәліметтеріне сәйкес, мемлекет басшысын қолдап, 10 млн. адам қол қойған.

Бұрын хабарланғандай, М.Мурсидің президенттік лауазымға келуінің бір жылдығына орай елдің әр аймағында Президенттің жақтастары мен қарсыластары арасындағы қақтығыстарда бір адам қаза тауып, 150-ге жуығы жараланған.

Соңғы жаңалықтар