Мысыр Президентінің кеңесшілері оның жарлығына қарсылық ретінде отставкаға кетуде
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Мысыр Президенті Мұхаммед Мурсидің кеңесшілері ол жария еткен Конституциялық декларацияға қарсылық ретінде бірінен кейін бірі отставкаға кетуде, деп хабарлады Росбалт.
Интернет БАҚ-тарда жария етілген ақпараттарға қарағанда, өздерінің лауазымды қызметтерінен публисші Сакин Фуад пен Мурсидің христиан қызметін демократиялық түрлендіру жөніндегі көмекшісі Самир Маркус бас тартқан.
«Мен бұл лауазымды қызметті еліме пайдалы болу үшін қабылдадым. Бірақ Президент өз көмекшілерінің кеңесін қажетсінбейтіндігі анық білінгеннен кейін мен онда менің болуымның еш мәні жоқ екендігін түсіндім», - деді С.Фуад.
М.Мурсидің кеңесшілері оның соңғы жарлығына қатысты өздерінің бірыңғай ұстанымдарын білдірмек.
Айта кетейік, мысырлықтардың наразылығына Мурсидің жаңа Парламент тағайындалғанға дейін өзі қабылдаған шешімдердің дау тудырмауы керектігі көрсетілген жарлығы себеп болды. Міне осы құжат қабылданғаннан кейін елдің көптеген қалаларында наразылық акциялары да өткен еді. Тіпті оның кейбірі шерушілер мен құқық қорғау органдарының арасындағы қақтығысқа ұласып, 18 адам таза тапты.