Мысыр Президентінің резиденциясы тікенекті сыммен қоршалды

Бейсенбі күні Каирде қарсылық білдірушілер мен мемлекет басшысын жақтаушылар арасында қақтығыс болды. Мысырлық БАҚ-тарға сілтеме жасап Ресей жаңалықтар агенттігі хабарлағандай, Аш-Шаркия провинциясындағы үйінен күшейтілген қорғаушылардың ілесуімен президенттің отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.
Күш құрылымдары бұл қадамға агрессивті бекінген жұрттың Мурсидің үйінің алдына қойылған полицейлерден өтуге жасаған бірнеше әрекетінен кейін барды. Жастар ғимарат пен полицейлерге тастар лақтырды. Жұртты тарқату үшін көз жасаурататын газ қолданылды.
Әскерилер Мысыр астанасындағы президенттік сарайды радикалды жағдайлардан қорғау үшін тікенекті сыммен қоршап тастады. Онымен бірге, резиденция алдында танктер пайда болды.
Президенттің мыңдаған оппоненті елдің жаңа Конституциясының қабылдануына қарсылық білдіруде. Оған сәйкес, «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшесі болып табылатын Мұхаммед Мурсиге шексіз дерлік өкілеттіктер беріледі.