Мысыр президенттік сайлауға дайындалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Египетте дүйсенбі күні президенттік сайлау өтеді. Сайлау науқанына ек кандидат: қазіргі мемлекет басшысы Абдель Фатах Ас-Сиси мен «Завтра» партиясының серкесі Мусса Мустафа Мусса қатысады, деп хабарлайды euronews.com.
Сайлаушылардың басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық жағдайға алаңдаулы. Елде баға жоғары және жұмыссыздық басым.
Алғашқыда дауыс беруді екі тур бойынша өткізу жоспарланған еді. Бірақ кандидаттардың аздығынан Мысыр президентінің есімі алдағы аптаның ортасына қарай белгілі болмақ.