Мысыр шипажайларында 4,8 балдық жер сілкіністері тіркелді

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Мысырдың шипажай аймақтарында бірнеше жер асты дүмпуі тіркелді.

Мысыр шипажайларында 4,8 балдық жер сілкіністері тіркелді

Елдің сейсмикалық қызмет өкілдеріне сілтеме жасаған ғаламтордағы БАҚ-тың хабарлауынша, Шарм-эш-Шейх, Нувейба, Дахаб, Синай түбегіндегі Таба және Хургада қалаларында 4,8 магнитудалық жер сілкіністері болған.

Жер жеті секунд бойы теңселген. Жер асты дүмпулерінің ошағы Акаба шығанағындағы Шарм-эш-Шейхтың солтүстігіне қарай орналасқан.

Соңғы уақытта мысырда сейсмикалық белсенділік арта түсті. Өткен екі жылда Синайда да, Хургада да жер сілкіністері болды.