Мысыр соты «Мұсылман бауырлар» ұйымының қызметін тоқтатты
ӘБУ-ДАБИ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Аптаның басында Мысыр соты «Мұсылман бауырлар» діни-саяси қауымдастығының қызметін тоқтату, коммерциялық емес қоғамдық ұйым мәртебесінен айыру және барлық қаржылық активтерін тәркілеу туралы қаулы шығарды.
«Сот «Мұсылман бауырлар» ұйымының қызмет етуіне тыйым салады. Сонымен қатар, сот үкіметті аталған ұйымның қаржысын тәркілеп, банк шоттарын уақытша тоқтатуға мәндеттейді», - деді сот төрағасы Мохаммед аль-Сайед.
«Мұсылман бауырлар» 2011 жылы Хосни Мүбәрак тақтан құлағаннан кейін парламенттік және президенттік сайлауда жеңіске жетті. Содан кейін, аталған ұйымның 85 жыл заңсыз қызметінен кейін 2011 жылдың наурыз айында ол ресми түрде үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелді.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 3 шілдесінде Мысыр президенті Мұхаммед Мүрси Каир мен өзге де қаладағы халықтың жаппай көтерілуіне байланысты қызметінен босатылған еді.