Мысыр ұшағын басып алған жанкештімен бірге селфи жасаған британдықтың атағы шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 жастағы Бен Иннес есімді британдық «тарихтағы ең үздік «селфи» жасамақ болып Саиф эль-Дин Мустафамен бірге суретке түсті, деп жазады Daily Mail басылымы.

Кейін Иннес ұшақты басып алғаннан кейін телефон арқылы анасымен байланысқа шыққан. «Шешем зияны тиіп кететіндей әрекет жасамауымды сұрады. Алайда жанкештімен «селфи» жасап бірге суретке түскенімді айта алмадым», дейді жігіт.

Британдықтың айтуынша, ол абыржымаған, сабырлы болған. Өзінің осындай әрекетке неге барғанын Бен түсіндіре алмады.

«Жанкештінің беліндегі бомбаның шын жарылғыш болса менің әрекетімне келіп кетер ештеңе жоқ. Алайда жақыннан көруге қызықтым», - дейді.

Кейін ол ұшақ экипажының мүшесінен жанкештімен бірге суретке түсуді сұраған. Рұқсат алған соң «тарихи «селфи» жасалған.

Александриядан Каирге ұшқан мысырлық EgyptAir компаниясының Airbus A320 ұшағы әуеге көтерілген соң лаңкес басып алған. Саиф ел-Дин Мустафа белінде жарылғыш бар екенін мәлімдеген. «Жанкешті» келіссөздер барысында кепілге алынғандарды босатып, соңында өзі арнайы жасаққа өз еркімен берілген.

Соңғы жаңалықтар
telegram