Мысыр Жоғарғы соты ертең экс-президент Хосни Мүбәракқа кешірім беру мәселесін қарастырады
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Мысыр Жоғарғы соты сәрсенбі күні елдің экс-президенті Хосни Мүбәракқа кешірім беріп, түрмеден босату мәселесін қарастырады. Прокуратура одан жемқорлыққа байланысты тағылған айыпты алып тастады, деп хабарлады Утро.ру.
Естеріңізге сала кетейік, Хосни Мүбәрак 30 жыл бойы Мысыр еліне билік еткен болатын. Ол 2011 жылы халық наразылығынан кейін тақтан тайған еді. Экс-президентке мемлекет бюджетінің миллиардтаған қаржысын талан-таражға салды, сонымен қатар наразылыққа шыққандарды өлтіру мақсатында ымыраға келді деген айыптар тағылған-ды.