Мысырда 1,2 мыңнан астам адам мінген паром өртеніп жатыр
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Мысырда 1,2 мыңнан астам адам мінген паром өртеніп жатыр.
Бұл туралы бүгін Қызыл теңізде теңіз кеме қатынасына бақылау жасайтын басқарма қызметкеріне сілтеме жасай отырып РБК хабарлады.
Оның айтуынша, Акаба портынан (Иордания) шығып, Мысырдағы Нувейба портына бет алған жолаушылар паромында белгісіз себептерге байланысты өрт басталды.
Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ, құтқару операциясы жүріп жатыр, деп жазған Reuters.
Жолаушылардың барлығы Мысыр азаматтары болып табылады деп хабарланған.
Осындай оқиға соңғы рет ағымдағы жылдың қаңтар айында Индонезияда орын алған еді. Ол жолы өртенген паромда 17 адам қаза тапқан болатын.