Мысырда 2 жүк көлігі қақтығысып, 17 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда ірі көлік апаты орын алды. Салдарынан кемінде 17 адам қаза болды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап «Газета.Ru».
None
None

Оқиға бүгін Каир мен Александрия жолында орын алды. Полиция өкілдерінің мәліметінше, жұмысшыларды тасымалдап жүрген жүк көлігі жоғары жылдамдықпен айдап келіп, тағы бір жүк көлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде іші толған көлік аударылып түсті. Әртүрлі деңгейдегі жарақат алған 3 адам ауруханаға жеткізілді, ал қаза болған 17 адамның мүрделері жақын маңдағы мәйітханаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар