Мысырда 4400 жыл бойы ашылмаған көне мазар табылды

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр археологтары аса маңызды жаңалық ашты. Олар 4400 жыл бойы құпия сырын бүккен көне абыздың мазарын тапты, деп хабарлайды Би-би-си.
None
None

Египеттің көне ескерткіштер жөніндегі жоғары кеңесінің бас хатшысы Мұстафа Вазири бұл жаңалықты «соңғы онжылдықтағы ерекше ашылым» деп атады.

Каирден 30 шақырым жерде орналасқан Саккара елді мекеніндегі пирамидалар кешенінде табылған қабірде түрлі-түсті иероглифтер мен фараондар мүсіндері өте көп. Көркем фрескаларда қабірдегі бас діни қызметкер Ватая мен оның анасы, әйелі және басқа да туыстары бейнеленген.
null

Археологтар қазба жұмыстарына жексенбі, 16 желтоқсан күні кіріспекші. Олар бұл жерден көптеген қызықты заттарды, соның ішінде саркофагтарды табамыз деп үміттеніп отыр.

null

Соңғы жаңалықтар