08:35, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Мысырда адамның құс тұмауын жұқтыруының жаңа оқиғасы анықталды
КАИР. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат – Мысырда адамның H5N1 вирусын жұқтыруының жаңа оқиғасы анықталды.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағанындай, құс тұмауы Александрия қаласында тұратын 3 жасар баланың қанынан анықталып отыр. Мамандардың айтуынша, бала вирусты үй құсынан жұқтырып алса керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап.Қазіргі уақытта бүлдіршін ем-дом қабылдауда. Бұған дейін Мысырда қаңтар және ақпан айларында құс тұмауының бірнеше оқиғасы тіркелген болатын. 2006 жылдан бері Мысырда бұл аурудан 23 адам қайтыс болды.