14:22, 31 Қазан 2015 | GMT +5
Мысырда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының сынықтары табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың Синай түбегінің орталығында апатқа ұшыраған ресейлік азаматтық ұшағының сынықтары табылды, деп хабарлайды «Йоум7».
Басылымның мәліметтерінше, Мысырдың қауіпсіздік күштері апат болған жерді қоршауға алды, Синайдың солтүстігіндегі әл-Ариш қаласынан апат құрбандары эвакуациясы үшін жедел жәрдем қызметінің жиырмаға жуық көлігі жіберілді.
Бұған дейін хабарланғандай, «Когалымавиа» әуе компаниясының «Шарм-эш-Шейх - Санкт-Петербор» 9268 бағытындағы Airbus-321 әуе лайнері Мысырдан жергілікті уақыт бойынша сағат 6:21-де ұшып шығып, 23 минуттан кейін радар экрандарынан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған.