10:08, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Мысырда әулетаралық қақтығыстарға қатысқаны үшін 24 адам өлім жазасына кесілді
КАИР. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Мысырда өткен жылы 11 адам құрбан болған әулетаралық қақтығыстарға қатысқаны үшін 24 адам өлім жазасына кесілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Үкімді елдің солтүстігіндегі Даманхур қаласының қылмыстық соты кеше, мамырдың 18-інде шығарды. Тағы алты адамдың ісін қарау маусымның 13-іне қалдырылды. Сот айыпталушыларды өткен жылдың наурыз айында Вади ан-Натрун алқабында ұйымдастырылған бүлікке кінәлі деп таныды. Ауданы 1500 акрді (4 мың шаршы метр) шөлейт аумақ үшін таластан туған екі әулеттің арасындағы қарулы қақтығыс 11 адамның өмірін қиған болатын. Сол кезде тағы үш адам жарақат алған. 24 айыпталушының 9-ының ісі сырттай қаралып отыр, себебі қазір олар қашып жүр. Сотталғандардың істері енді елдің Бас мүфтиі Әли Гумааға беріліп, ол Мысыр заңнамасына орай, үкімнің шариғат заңына сәйкестігін қарайды.