Мысырда автобус каналға құлап, 8 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысырда микроавтобустың жер суару каналына түсіп кетуі салдарынан сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Al Youm As Sabi жаңалықтар порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мысырда автобус каналға құлап, 8 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Мысыр астанасының оңтүстігіндегі Гиза пирамидаларына жақын орналасқан Эль-Марьютия ауданында болған.

Алдын ала мәліметке қарағанда, көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, салдарынан микроавтобус аударылып, каналға түсіп кеткен. Құтқарушылар жеті адамды судан аман алып шыға алды.