Мысырда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты

КАИР.  Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Мысырда    бүгін  таңертең  болған    жол  апатында  12 адам     қаза тапты,  олардың   9-ы -  сербиялық туристер,  үшеуі - жергілікті тұрғындар.  Қайғылы оқиға  Қызыл теңіз   жағалауына бара жатқан туристік автобустың   жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан  орын алған, 

Мысырда   автобус пен жүк  көлігі  соқтығысып,   оқиға салдарынан 12  адам  қаза  тапты

деп хабарлайды ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Жергілікті  полицияның  мәліметтері  бойынша, Кена қаласынан  шыққан  автобус    Сафага қаласына бара жатқан.   Жолдың    тар  учаскесінде автобус  жүк көлігімен  соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан тағы 13 адам жараланған,  олар  жақын жердегі ауруханаға түскен.