Мысырда беймәлім перғауынның мазары табылды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Американдық және мысырлық археологтар осыдан 3 600 жыл бұрын ел басқарған, бірақ күні бүгінге дейін есімі беймәлім болып келген перғауынның саркофагын тауып алды,

Мысырда беймәлім перғауынның мазары табылды

деп хабарлайды Утро.ру. Бұл туралы Мысырдың Көне жәдігерлер министрлігі мәлімдеді.

Сенебкай мазары Каирдан оңтүстікке қарай шамамен 500 шақырым жерде орналасқан ежелгі Мысыр мемлекетінің көне әрі діни орталықтарының бірі Абидос қаласынан табылған. Пенсильвания университетінің зерттеушілер тобынан құралған ғалымдар сопақша пішіндегі патша тақтайшасына нақышталып жазылған перғауынның есімін алғаш рет оқи алды.

Перғауын сүйегінің қалдықтары мазар жанында дағы көне жәдігерлерді түгелдей тонағандар шашып тастаған. «Бұл мазардың көне дәуірлерде тоналғанын дәлелдейді», - дейді Көне жәдігерлер министрлігінің өкілдері.

Археологиялық экспедиция жетекшісі Джозеф Вегнер деректерді «мазардың қарапайым пішіні Орта және Жаңа патшалық дәуірі аралығының екінші кезеңінде елде экономикалық құлдырау орын алғанын растайды», деп нақтылады.