08:01, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Мысырда бірден 30 мумия табылды
КАИР. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Мысырлық археологтар осыдан 4,3 мың жылдай бұрынғы көмбелерден бірден 30 мумия мен ашылмаған бір саркофаг тауып отыр.

Бұл туралы Мысыр үкіметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Мүрделер Мемфиске жақын жердегі Саккардағы Сатылы пирамиданың батыс жағындағы құмның астында жатқан.
Археолог Әбдел Хәкім Қарардың айтуынша, бұлар перғауындардың бесінші әулетінің тұсында жерленген мүрделер болса керек.ХХІ ғасырда мұндай көмбенің табылуы ерекше оқиға. Ғалымдардың пікірінше, Мысырда адамның қолы тимей қоймаған көмбелер тіптен қалмаған - ертеректе ұрылар барлық көмбелерді тонап, біздің замандастарымызға тек құрылыстардың сынықтары мен үйінділері ғана жетіп отыр.