Мысырда болған автобус апатында 20-дан астам турист зардап шекті

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қызыл теңіздегі Сафага - Кена тасжолында жүк көлігі, жеңіл автокөлік пен туристер мінген автобустың соқтығысуынан 23 шетелдік турист және Мысырдың үш азаматы зардап шекті,

Мысырда болған автобус апатында 20-дан астам турист зардап шекті

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Жол полициясының мәліметінше, жолда келе жатқан жүк көлігінің оң жақ дөңгелегі жарылып, көлік аударылып қалған. Ал оның артында келе жатқан жеңіл автокөлік пен туристер мінген автобус бірден тоқтай алмай, аударылып қалған жүк көлігіне соғылған.

Зардап шеккендер арасында үш мысырлық азамат, сондай-ақ 23 шетелдік турист бар. Зардап шеккендер арасындағы Германияның төрт азаматы жеңіл көлікте, ал он тоғыз жолаушы автобуста отырған. Туристердің ұлты анықталуда.