Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Мысырда бұрынғы президент Мурсиге кесілген өлім жазасы үкімінің күші жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -15 қарашада Мысырда елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиге кесілген өлім жазасының және «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысының тағы 21 басшысын өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімінің күші жойылды.

Мысырда бұрынғы президент Мурсиге кесілген өлім жазасы үкімінің күші жойылды

Бұл туралы мысырлық Al Ahram газеті хабарлады.

Бұдан басқа, кассациялық сот Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың екі ұлы Али мен Гамальды түрмеге қайтаруды талап ететін Бас прокуратураның ұсынысын қабылдамады. Бұдан бұрын Мүбарактың ұлдары сыбайлас жемқорлық баптарымен сотталған - олар 2002-2011 жылдарда президенттік резиденцияны жаңғыртуға арналған бюджеттік қаражатты иемденгені үшін айыпталған, деп жазды  «Российская газета».

«Араб көктемі» кезінде шеруді таратқаны үшін айыпталған Хосни Мүбаракқа қатысты іс бойынша кассациялық сот шешімі кезекте тұр. Егде тартқан бұрынғы президент бірнеше айлар бойы Каирдегі әскери госпитальда жатыр.