Мысырда Газа секторын қалпына келтіру мәселесіне арналған конференция басталды

ШАРМ-ӘЛ-ШЕЙХ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Мысырдың Шарм-Әл-Шейх қаласында Газа секторын қалпына келтіру мәселесіне арналған конференция ашылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық радиосына» сілтеме жасап. Жақында Израиль армиясының палестиналық «ХАМАС» қозғалысына қарсы жасаған әскери операциясының салдарынан елде үйлер, ауруханалар, мектептер, түрлі инфрақұрылым нысандары қирады. 1300-ден астам адам опат болды. Палестина автономиясының премьер-министрі Салам Файяд, секторды қалпына келтіруге 3 миллиардқа жуық доллар қажет деп санайды. Конференцияға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон қатысып, Вашингтонның осы мақсатқа - 300 миллион доллар, Палестина автономиясына көмек ретінде ? 600 миллион доллар бөлетінін жария етеді деп күтілуде. «ХАМАС» қозғалысының өкілдері бұл жиынға шақырылған жоқ.
Соңғы жаңалықтар