Мысырда қалып қойған қазақстандық барлық 147 турист Алматыға аман-есен оралды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Мысырда қалып қойған қазақстандық барлық 147 турист бүгін Алматыға аман-есен жетті.
None
None

Бұл туралы «Оn travel» туристік компаниясының бас директоры Наталья Линник хабарлады.

Оның айтуынша, қазақстандық азаматтар мысырлық AMC Airlines әуе компаниясының ұшағымен жеткізілді. «Бүгін түнде сағат 2-лерде барлық туристер Алматыға аман-есен жетті»,- деді Н.Линник. Басқа қалалардың тұрғындарын өз қалаларына транзитпен жетулеріне көмек көрсетілді, деді туристік компанияның басшысы.

Соңғы жаңалықтар