Мысырда көліктегі бомба жарылып, 25 сарбаз мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда Синай жарты аралындағы тексеру бекетінде болған жарылыстан 25 әскери қызметші қаза тапты. Бомба көлікке қойылған, деп хабарлады ВВС.

Мысырда көліктегі бомба жарылып, 25 сарбаз мерт болды

Қарулы шабуылдан тағы да 10 сарбаз зардап шеккен. Болжам бойынша, олар - «жиһадшылар». Мысыр Президенті Әбдул Фаттах Сиси осы жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды. Осыған ұқсас қарулы шабуылдар былтыр экс-президент Мохаммад Мурсиді тақтан тайдырған соң жиілеп кетті.