Мысырда көпқабатты үй опырылып құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мысырдың солтүстігіндегі Александрия қаласында жаз мезгілінде туристерді орналастыруға пайдаланылатын 13 қабатты тұрғын үй опырылып құлап, көптеген адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Үйінді астында қалған адамдардың нақты саны белгісіз. Сиди Бишр ауданындағы ғимарат құлаған жерде азаматтық қорғаныстың шұғыл әрекет ету қызметі жұмыс істеп жатыр. Аман қалған адамдарды іздеп-табу, сондай-ақ үйіндіге соғылған автокөліктердің сынықтарын тазарту жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қаза тапқандардың нақты саны хабарланбады.
Қала губернаторы Мохамед Тахер әл-Шерифтің сөзінше, әдетте, үй жаз мезгілінде туристерге жалға берілетін. Онда супермаркет те болған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үй құлағанға дейін жарылыс естілген.